Алаяқ Instagram арқылы 25 адамға «баспана әперемін» деп алдап соқты
Астанада ипотекалық делдал ретінде Instagram арқылы 25 адамды алдаған алаяқ сотталды.
Астанада 2021–2025 жылдар аралығында Instagram желісі арқылы өзін ипотекалық делдал ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіріп, олардың ақшаларын иемденген 30 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты.
Сот айыпталушының кінәсін мойындауын, кәмелетке толмаған баласының болуын, залалдың бір бөлігін өтегенін және жазаны ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.