Биыл Тимбалэнд, Николь Шерзингер, Баста Раймстың концерті өтеді
Бұл туралы «Kazakh Tourism» компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ғазизов мәлімдеді.
Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар туристік бағыт ретінде елдің тартымдылығын арттыра отырып, халықаралық деңгейде жоғары бағалануда. Бұл туралы Үкімет отырысында «Kazakh Tourism» компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ғазизов мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Қазақстанның имиджін шетелде ілгерілету бойынша келесідей жұмыстар жүргізілді:
Euronews Travel, Amazon Prime Video, Бірінші арна және Францияның M6 телеарнасында көрсетіліп, негізгі нысаналы нарықтарды қамтуды қамтамасыз етті;
Қазақстанның Қытайдың әлеуметтік желілеріндегі – Weibo, WeChat, Rednote платформаларындағы және әлемдік жетекші цифрлық алаңдардағы қатысуы тұрақты түрде дамып келеді;
Өткен жылы 12 елден келген 115 журналист, блогер және туроператордың қатысуымен 16 инфотур ұйымдастырылды.
Осы жылға арналған жоспарлар:
Мәдени, этномәдени, спорттық, экологиялық және гастрономиялық бағыттағы іс-шараларды қамтитын бірыңғай іс-шаралар күнтізбесі қалыптастырылды;
Барлық аймақтарды қамтитын 55 негізгі іс-шара таңдап алынды.
2026 жылы Тимбалэнд, Николь Шерзингер, Баста Раймс сияқты және тағы да басқа әлемдік жұлдыздардың қатысуымен ірі концерттік іс-шаралар өткізу жоспарлануда;
фестиваль туризмін жобалау және ілгерілету бойынша арнайы штаб құрылды;
Азия мен Таяу Шығыстағы мақсатты қалаларда, сондай-ақ Мумбай, Дубай, Шанхай, Сеул, Токио және Сингапурда 10 роуд-шоу өткізуді жоспарланған.