"Қайрат" клубы Темірлан Анарбековпен келісімшартты ұзартты
Жаңа келісім 2028 жылдың 30 қараша дейін есептелген.
Алматылық «Қайрат» футбол клубы қақпашы Темірлан Анарбековпен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Жаңа келісім 2028 жылдың 30 қараша дейін есептелген.
22 жастағы Темірлан Анарбеков – «Қайрат» футбол клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы. Ол 2025 жылы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі жарқын ойынымен кеңінен танылды. Атап айтқанда, «Селтикке» қарсы өткен матчта үш пенальтиді қайтарып, «Қайраттың» топтық кезеңге шығуына айрықша үлес қосты әрі «Матчтың үздік ойыншысы» атағына ие болды. Сондай-ақ Грекияның «Олимпиакос» командасы арасындағы матчта сегіз сейв жасап, УЕФА-ның арнайы марапатына ие болды.
Темірлан Анарбеков – «Қайрат» академиясының түлегі, Қазақстан чемпионы, сондай-ақ ел кубогы мен суперкубогының иегері.