сейсенбі, 27 қаңтар, 2026 15:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Қайрат" клубы Темірлан Анарбековпен келісімшартты ұзартты

"Қайрат" клубы Темірлан Анарбековпен келісімшартты ұзартты
"Қайрат" ФК
Жаңа келісім 2028 жылдың 30 қараша дейін есептелген.

Алматылық «Қайрат» футбол клубы қақпашы Темірлан Анарбековпен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Жаңа келісім 2028 жылдың 30 қараша дейін есептелген.

22 жастағы Темірлан Анарбеков – «Қайрат» футбол клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы. Ол 2025 жылы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі жарқын ойынымен кеңінен танылды. Атап айтқанда, «Селтикке» қарсы өткен матчта үш пенальтиді қайтарып, «Қайраттың» топтық кезеңге шығуына айрықша үлес қосты әрі «Матчтың үздік ойыншысы» атағына ие болды. Сондай-ақ  Грекияның «Олимпиакос» командасы арасындағы матчта сегіз сейв жасап, УЕФА-ның арнайы марапатына ие болды.

Темірлан Анарбеков – «Қайрат» академиясының түлегі, Қазақстан чемпионы, сондай-ақ ел кубогы мен суперкубогының иегері.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар