Қоғам

Елімізде бала өлімі деңгейі 13 пайызға түсті

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.

Ана мен баланы қорғаудың кешенді тәсілінің нәтижесінде өлім-жітім көрсеткіштерінің тұрақты төмендеуіне қол жеткізілді және балалардың әл-ауқаты индексі бойынша топ-30 елдің қатарына енді. Үкімет отырысында жұмыс қорытындылары мен инфрақұрылымдық жобалар туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Министрдің айтуынша, өңірлер арасында көмек сапасын теңестіру үшін 15 облыстық балалар ауруханасын жаңарту және заманауи перинаталдық орталықтар желісін салу қолға алынбақ. Жаңа нысандар Астана, Шымкент, Алматы және басқа қалаларда жобаланып, салынуда. Баланың туғаннан 18 жасқа дейінгі маршрутын бақылаудың цифрлық жүйесі енгізілген.