Әлеумет

Атыраудағы жоғалған отбасы: күдіктіге қатысты жаңа мәліметтер пайда болды

«Бұл – тергеудің қабылдаған шешімі".

Атыраудағы резонансты іске қатысты басты күдікті деп танылған Сұлтан Сәрсемәлиев жөнінде жаңа мәлімет жария болды, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысы полиция департаменті өкілі Мейірім Ердәулет Kursiv Media YouTube арнасына берген сұхбатында Жангелді ауылында ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдікке ілінген азаматтың не себепті іздеуге жарияланғанын түсіндірді.

Оның айтуынша, адамды күдікті деп тану – тек полицияның біржақты шешімі емес, бірнеше құқықтық кезеңнен өтетін процесс.

Полиция өкілінің мәліметінше, ресми түрде анықталған бағыт бойынша күдікті алдымен Атыраудан Шымкентке, кейін Шымкент арқылы Өзбекстан аумағына өткен. Осыған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланған.