Руханият

"Бұл да бір сынақ шығар": Бағжан Октябрь әсерлі жазба жариялады

Ол әлеуметтік желіде көптің сынына ұшыраған еді.

Әлеуметтік желіде көпшіліктің сынына қалған танымал виолончелші Бағжан Октябрь жазба жариялады, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Меккеде қажылығын өтеп жүрген өнерпаз TikTok желісінде клубтық әрі көңілді ырғақты әндерге видео түсірген болатын. Көпшілік оның бұл әрекетін сынға алып, түрлі жазба жариялай бастады.

Біреуді ренжіткем болсам, кешірім сұраймын. Рақмет. Әлі екі күнім бар. Телефонды чемоданға салып, өз-өзіммен қалып, дұғалырымды тілей берейін», - деп жазды өнерпаз.

Сондай-ақ ол бұл оқиғаны сынаққа теңеді.