Саясат

Спорт пен саясат тоғысқан сәт: Головкин мен Мирзиёевтің кездесуі

Геннадий Головкин Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті, деп хабарлайды, Oimaqnews.kz

Геннадий Головкин Өзбекстанға жұмыс сапары аясында мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевпен кездескенін әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Ол Өзбекстан президентіне көрсетілген қонақжайлық пен жылы қабылдау үшін алғыс білдірді.

World Boxing халықаралық федерациясының басшысы ретінде Геннадий Головкин бокстың мемлекеттік деңгейде қолдау табуының маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында боксты дамыту, оның халықаралық және олимпиадалық қозғалыстағы рөлі, сондай-ақ спорт саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.