Руханият

Шыңғыс Айтматовтың қарындасы қаламгердің мерейтойын өткізбеуді сұрады

Бұл туралы «Кабар» ақпарат агенттігі жариялады.

Жазушы Шыңғыс Айтматовтың әпкесі Роза Айтматова билікке үндеу жасап, қаламгердің туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты шараларды өткізбеуді сұрады. Ол мерейтойға бөлінген қаржыны халықтың тұрмысын жақсартуға бағыттауды жөн санайды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы «Кабар» ақпарат агенттігі жариялады. Роза Айтматованың айтуынша, қоғамда «жазушының мерейтойын тойлауға бюджет қаржысын жұмсаудың қажеті бар ма?» деген дау-дамай туындауы мүмкін екенін ол алдын ала сезіп отыр.

«Көпшілік Айтматовтың 100 жылдығына бөлінген қаржыны басқа пайдалы іске жұмсауға болар еді деп айтуы мүмкін. Сондықтан сол қаражатты қарапайым халықтың өмірін жақсартуға бағыттауды үкіметтен алдын ала сұраймын. Бұл – Шыңғысқа деген ең шынайы құрмет болар еді», – деді жазушының әпкесі.

Ол сондай-ақ Шыңғыс Айтматовтың дүниеден өткеніне 17 жыл өтсе де, оның есімі әлі күнге дейін қоғамда талқыға түсіп, кейде орынсыз сынға ұшырап келе жатқанын атап өтті.  Роза Айтматова марқұм жазушының рухын мазаламауға, оның атына дық түсірмеуге шақырды.

«Шыңғысты асыра дәріптеудің де, қаралаудың да қажеті жоқ. Ол өз бағасын алып қойған тұлға. Жатқан жері жайлы болсын», – деді ол.