"Ұлт дәстүрін тәрк еткен діндарсымақтар пайда болды":Дихан Қамзабекұлы зиялылық дәстүрдің талабы екенін айтты
"Діни экспансия тек мұсылман әлеміне ғана қатысты емес".
Конституциялық комиссияның отырысында сөз сөйлеген «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы білім жүйесі мен мәдениеттегі зайырлылық Ата Заңда нақты көрініс табуы – зиялылық дәстүрдің талабы екенін айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Мемлекеттік білім мен тәрбие жүйесі үшін зайырлы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар – өркениет темірқазығы екенін еске салған ол дамудың даңғыл жолына түскен алдыңғы қатарлы елдерде солай болғанын және бола беретінін тілге тиек етті.
Ол Сирияға соғысқа барып адасқандар трагедиясы мен «Жусан» операциясының арқасында елге оралғандардың көз жасы көпке ой салуға тиіс екенін жеткізді.