Қарағанды облысы әкімі Серік Сәпиев пен орынбасары арасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді
Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев дене шынықтыру және спорт басқармасында орын алған жағдайға қатысты пікір білдіріп, мәселе бойынша тексеру мен тергеу толық аяқталмайынша, асығыс қорытынды жасауға болмайтынын айтты. Оның сөзінше, барлық мән-жай анықталғаннан кейін ғана тиісті құқықтық баға беріледі. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыс әкімі барлық мемлекеттік қызметшілердің заң талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтауы қажеттігіне ерекше назар аударды.