"Қайрат" "Арсеналға" қарсы матчқа дайын
"Еурокубоктағы ертегімізді футболдың отанында аяқтаймыз".
24 қаңтарға қараған түні «Қайрат» футбол клубының ойыншылары «Арсеналға» қарсы өтетін матч алдында мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Осылайша алматылық "Қайра"т өз әлеуметтік желілерінде Лондонның Арсенал командасымен Чемпиондар лигасы аясында өтетін алдағы ойынды анонс етті.
«Еурокубоктағы ертегімізді футболдың отанында аяқтаймыз», – деп жазды олар матчтың афишасына.
Қарсыластар 28-інен 29 қаңтарға қараған түні Лондонда кездеседі. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады.
Бұл матчқа алаң иелері Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі абсолютті көшбасшы ретінде келеді. Себебі «Арсенал» жеті ойында 21 ұпай жинаған. Ал «Қайрат» керісінше, турнирлік кестеде соңғы 36-орында тұр.
«Арсеналмен тең нәтижеге келісіп алыңыздар. Әлем жарылып кетеді», – деп әзілдеді жанкүйерлер пікір жазған кезде.