Қарағанды қаласында спорт саласының басшылары жаға жыртысып қалды деген ақпар тарады. 21 қаңтар күні кешкі уақытта қаладағы Бұқар жырау даңғылы бойында Серік Сәпиевке дене жарақаты салынған, деп жазады Oimaqnews.kz qrnews.kz-ке сілтеме жасап.
Серік Сәпиев – Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, сондай-ақ Олимпиада чемпионы. Ал жанжалға қатысы бар екінші азамат – оның орынбасары Дәурен Есімханов, ол самбодан Азия және әлем чемпионы ретінде танымал.
Полицияның мәліметінше, оқиға бойынша денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісімен қылмыстық іс тіркелді. Қазір жәбірленушінің алған жарақатын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама жарақаттың қаншалықты ауыр екенін көрсетеді.
Оқиғаның нақты неден басталғаны әзірге айтылған жоқ. Құзырлы органдар істің барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін жарна төлемейді
Ұқсас жаңалықтар
Нұрайдың өліміне байланысты полиция қызметкерлеріне қылмыстық іс қозғалды
- авторОймақ
- 22 қаңтар, 2026






