Альмира Тұрсын екінші сәбиін дүниеге әкелді
Сәбиге ерекше есім берген.
«Томирис» фильмінде басты рөлді сомдап, танымал болған актриса Альмира Тұрсын екінші сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Ол перзентханада түскен суреттерін желіге жүктеді. Сәбиге ерекше есім берген.
«Біздің қызымыз – Айя-Сафия дүниеге келді. Менің арманым, менің дұғам, Құдайдың жауабы мен сыйы. Аллаға шүкір», - деп жазды ол.
Альмираның жұбайы Ақан Сатаев та желіде қуанышымен бөлісті.
«Құдайдың қалауымен қызымыз дүниеге келді. Айя-Сафия, осы әлемге қош келдің, бақытты бол!», - деп жазған ол.