Директорларды қанша уақытқа тағайындаған тиімді
Министр мен депутаттың пікірі қарама қайшы шықты.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп директорларын алдымен екі жылға тағайындап, нәтиже көрсеткен жағдайда ғана мерзімін ұзартуды ұсынған еді. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бұрынғы жүйе директорларды 5 жылға тағайындап, сабақтастық пен тиімділікті қамтамасыз етуге бағытталғанын айтып, басты мақсат директор мен мұғалімге жайлылық емес, оқушыға сапалы білім беру екенін атап өтті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, бұрынғы жүйеге сәйкес мектеп директорлары 5 жылға тағайындалып, екі рет қызмет атқаруға мүмкіндігі бар.
Депутат бұрынғы шешімдердің қалай қабылданғанын түсіндірді. Ол қазіргі уақытта Оқу-ағарту министрлігінің басқа шешімдер қабылдап жатқанын атап өтіп, бұрынғы жүйенің негізінде ғылыми зерттеулер мен еліміздің құндылықтары есепке алынғанын жеткізді. Оның айтуынша, басты мақсат директор мен мұғалімге жайлылық емес, мектептерде сапалы білім беру, сабақтастықты сақтау.
Дегенмен ол әрбір сөзін абайлап, тікелей жаңа бастамаларға сын ретінде айтпай, бұрынғы шешімнің несімен ұтымды екенін баяндады.