Әлеумет

Қыз алып қашу, зорлық-зомбылық көрсету деген дүниеден арылуымыз керек – Ермұрат Бапи

Әңгіме – әйелдің құқығы, жеке таңдау еркіндігі және азаматтық қоғамның деңгейі туралы.

Қазақстанда қыз алып қашу оқиғалары қайта-қайта қоғам талқысына түсіп жатыр. Бұл мәселені Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи тек салт-дәстүр аясында емес, адам құқығы тұрғысынан қарау қажет екенін айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Депутаттың сөзінше, мәселе бір ғана әдетке тіреліп тұрған жоқ. Әңгіме – әйелдің құқығы, жеке таңдау еркіндігі және азаматтық қоғамның деңгейі туралы.

«Ол жердегі мәселе қыз алып қашу ғана емес, адамның құқығын сақтау мәселесі ғой. Әйел адамның мәселесі. Ежелде қазақта сондай болған. Бірақ енді біз жаңа өркениетті елге кетіп бара жатқан елміз. Біз зайырлы елміз. Сондықтан ескінің қаңсығынан құтылатын уақыт болған шығар. Біз өзіміздің азаматтық даму дәрежеміз өскен, өркениетті сапында кетіп бара жатқан ел болған соң, қыз алып қашу, зорлық-зомбылық көрсету, әлдекімнің құқығын шектеу, тізеге салу деген сияқты дүниеден арылуымыз керек», — деді депутат Ермұрат Бәпи.

Айта кетейік, мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қыз алып қашып, зорлық көрсеткендерді 15 жылға соттауды ұсынды.