Елдос "Колобок" ұлының бесікке салу рәсімін өткізді
Ол қуанышты сәтін әлеуметтік желіге жариялаған.
Блогер Елдос Колобок көптен күткен ұлының бесікке салу рәсімін жасады, – деп жазды Oimaqnews.kz
Ол қуанышты сәтін көпшілікке бөлісіп, әлеуметтік желіге жариялады.
«Әлем баламызды бесікке салу рәсімі. Тілекші халыққа рақмет, барлығына жұғысты болсын. Алла разы болсын. Әлем Елдосұлы», - деп жазды ол.
Желі қолданушылары блогерді қуанышымен құттықтап, отбасына бақыт тіледі.
Айта кетейік, блогер тоғыз жыл күткен ұлына ерекше есім таңдаған. Әлемге үлгілі азамат болсын деген ниетпен «Әлем» деген есім қойған.