Руханият

Ком­му­нис­тер билігінің заманындай қауіп­ті заман да, қоғам да болма­ған сияқты – Әлібек Асқаров

"Қазір қаламгер атау­лы еркіндікте, қалай жазам десе де жолы ашық".

"Жас­тардың кейбірі көркем дүние­сін мақаланың қара тілімен жаза­тын­дары ғана қынжылтады" дейді жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әлібек Асқаров Aiqyn газетіне берген сұхбатында.  

– Адамзаттың даму қоғамын ойша саралап көрсеңіз, ком­му­нис­тер билігінің заманындай қауіп­ті заман да, қоғам да болма­ған сияқты. Әсіресе, сталиндік то­­­талитарлық зар заманды айтам. Тіп­ті сонау орта ғасырдағы алаңға шығарып адам өртеген инкви­зи­тор­лар да ондай сорақы болмаған шы­ғар. Амал бар ма, егер ашық де­мократиялы елде өмір сүрген бол­са, Мұхтар Әуезов «Абай жо­лын» басқашалау жазуы әбден мүм­кін еді ғой! Шәкәрімді тұм­ша­ламай-ақ ашық жазып, мақ­та­ныш­­пен халқына атын жаяр еді. Он­сыз да қарауылдың ұшына ілініп тұрған ұлы жазушымыз жан-жағына жалтақтап, қысы­лып-қымтырылып, ертеңгі таң­ның атуынан үмітін үзбей, ұдайы алаң­даумен жазды. Олай етпесе, ол заманның билігі Әуезов деген­нің атын қазақтың санасынан өші­рер еді, ол жазған романды оқы­мақ түгілі, естімес те едік.

Шүкір, ол заман бүгінде кел­мес­ке кетті... Қазір қаламгер атау­лы еркіндікте, қалай жазам десе де жолы ашық. Батыс-шығыс әде­биетінің озық үлгілері қо­лын­да. Шет тілдерін білетін бір қауым қа­зақ жастары да өсіп келеді. Сол жас­тардың кейбірі көркем дүние­сін мақаланың қара тілімен жаза­тын­дары ғана қынжылтады. 

Бір азаматқа осы тілге байла­ныс­ты сын айтып едім, «бұл за­ман­­да ең бірінші терең ой айту ке­рек, қазақ тілі – екінші планда. Ме­нің әңгімем шет тіліне ауда­рыл­ғанда жайнап салады» дегені бар. Ол жігіт қазақтың үйін сал­ған­­да кірпішіне қарамайтынын сез­дірді. Оның үйіне шеттен ке­ліп, біреулер кіріп жатса, өздері өз ыңғайларына қарай жөндеп алар де­гендей ой қалдырды.