Ирандағы жаппай наразылық кезінде қаза тапқандар саны 5 мыңға жетті
Ең ауыр қақтығыстар мен адам шығынының ең көп тіркелген аймақтар – Иранның солтүстік-батысы.
Ирандағы жаппай наразылық кезінде қаза тапқандар саны 5 мың адамға жетті. Олардың шамамен 500-і қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Reuters агенттігінің мәліметінше, Иран билігі наразылық кезінде 5 мың адамның қаза тапқанын растады. Билік өкілдері «террористер мен қарулы бүлікшілерді» «бейбіт ирандықтарды өлтірді» деп айыптады.
Ең ауыр қақтығыстар мен адам шығынының ең көп тіркелген аймақтар – Иранның солтүстік-батысы. Онда сепаратистік топтар әрекет еткен.
Ал HRANA құқық қорғау ұйымы сенбі күні қаза тапқандар саны 3308 адамға жеткенін мәлімдеді. Сондай-ақ ұйымның деректеріне сәйкес, Иранда 24 мыңнан астам адам қамауға алынған.