Саясат

Қарулы Күштер Бас штабының бастығы тағайындалды

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.