Әлеумет

Екі оқушы ақша сұрап, бір баланы соққыға жыққан

Жасөспірім көз жұмды.

Алматы облысы Жамбыл ауданы Беріктас ауылында оқушы қаза тапты. Қайғылы оқиға үш күн бұрын болған, деп жазады Oimaqnews.kz QazNews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметке сәйкес, екі оқушы бір баланы соққыға жыққан, салдарынан жасөспірім көз жұмған. Оқиғаның ақшалай келіспеушілік салдарынан туындауы мүмкін екені айтылады.

Тараған ақпаратқа сүйенсек, жанжалдан кейін күдіктілер баланы көлікке отырғызып, біраз уақыт алып жүрген. Алайда оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Оқиға орнында марқұмның ағасы да болғаны туралы ақпарат тарады.

Қазіргі таңда аталған дерекке байланысты құзырлы органдар тергеу амалдарын бастады. Оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.