Қоғам

Кассаның 50 пайызын алып отырған кинотеатрларға тексеріс жасау керек – Елнұр Бейсенбайұлы

"Кинотеатрлар фильм табыс әкелетініне-әкелмейтініне қарамастан, өз үлестерін алдын-ала алады".

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев қазір қазақстандық кинонарықты санаулы ғана «таңдаулы» топ бақылап отырғанын айтып, монополиялық саясат жүргізіп отырған кинотеатрларға шара қолдану мәселесін көтерді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Оның айтуынша, кинотеатрлар фильм табыс әкелетініне-әкелмейтініне қарамастан, өз үлестерін алдын-ала алады.

Оның айтуынша, кинотеатрлар мемлекеттік қаржыға түсірілген фильмдерден де мемлекет салған инвестициядан бірнеше есе көп қаржы ұстап отыр.

Депутат экран мен көрермен орнын ғана ұсынатын кинотеатрлардың монополиялық саясатын сынға алды.

Сөз соңында депутат үстемдік етіп, кассалық түсімнің 50 пайызын алып отырған кинотеатрларға тексеру жүргізуді сұрады.