сәрсенбі, 14 қаңтар, 2026 15:09

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қаңтар оқиғасында жоғалған қарулар әлі табылып жатыр

Қаңтар оқиғасында жоғалған қарулар әлі табылып жатыр
polisia.kz
9-12 қаңтар аралығында республикалық "Қару" жедел іс-шарасы өтті.

Ішкі істер министрлігі 9-12 қаңтар аралығында республикалық "Қару" жедел іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz BAQ.KZ.сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараның нәтижесінде заңсыз айналымнан 340 қару және 2 мыңнан астам, оқ-дәрі тәркіленді. Сондай-ақ 14 криминалдық қару алынды, оның ішінде сегізі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, алтауы бұрын жоғалған қару.

Осыған қоса алыстағы шаруа қожалығы тексеріліп, нәтижесінде, 70 атыс қару тәркіленді. Ал ел тұрғындары, өз еркімен 35 қаруды өз еркімен полицияға тапсырды. 

Ішкі істер министрлігі еске салады: заңсыз сақталған қаруды, өз еркімен тапсырған азамат қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Бұған дейін Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ Алматыда табылған еді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар