Астанада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді
Ауа райы қолайсыздығына байланысты ауысып отыр.
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 14 қаңтарда екінші ауысымда оқитын 0–9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.
Бұл шешім балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Білім беру процесі сабақ кестесіне сәйкес онлайн форматта ұйымдастырылады. Оқу форматына қатысты кейінгі өзгерістер туралы қосымша хабарланады.
Бұған дейін 14 қаңтар, сәрсенбі күні, Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 0–9 сынып оқушыларының да онлайн форматта оқитыны хабарланған болатын.