Әлеумет

Шымкентте жас қызды өлтіріп кеткен

28 жастағы Шерхан Аймахан күдікті ретінде қарастырылуда.

11 қаңтар күні кешке Толеметов көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында жас қыздың өлімімен аяқталған қылмыс болды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қылмысқа марқұмның танысы 28 жастағы Шерхан Аймахан күдікті ретінде қарастырылып отыр.

Бейнебақылау камераларындағы жазбаларда ер адамның 21 жастағы қызды қуып жетіп, оған пышақпен өлімге әкелетін жарақаттар салғаны көрінеді.

Полиция күдіктіні іздестіруге жариялады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.