Шерзат Полаттың ісінде танымал болған прокурордың шені өсті
Ол бұған «Үздік мемлекеттік айыптаушы» төсбелгісімен марапатталған еді.
Жұртшылық назарын аударған 16 жасар Шерзат Полаттың ісі бойынша танымал болған прокурор Дана Сәрсенбай бірінші дәрежелі заңгер (әділет капитаны) атағына ие болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.
Ол бұған дейін соттарда мемлекеттік айыптауды жоғары кәсібилігі, қағидаттылығы және сапалы қолдауы үшін «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік айыптаушысы» атағына ие болған еді.
Кәсіби мерекеге орай, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығына сәйкес, ол «Үздік мемлекеттік айыптаушы» төсбелгісімен марапатталды.