Депутаттар табысындағы айырмашылық 43 мыңнан жарты млрд теңгеге дейін жеткен
- авторОймақ
- 9 қаңтар, 2026
- 31
Ашық мәліметтерге сәйкес, табыс көлемі айтарлықтай айырмашылыққа ие: кейбір депутаттар бірнеше ондаған мың теңге көрсетсе, басқалары жүздеген миллион теңгеге дейін жариялаған.
Ең жоғары табыс – 528,6 млн теңге – Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаевтың декларациясында көрсетілген. Ең төменгі көрсеткіш – 43 760 теңге – Сенат депутаты Сағындық Лукпановқа тиесілі.
Бірқатар депутаттар жеке табысын көрсетпей, тек жұбайларының кірісін жариялаған. Мысалы, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов декларацияда өз табысын жазбай, жұбайының 1,57 млн теңге табысын көрсеткен. Сондай-ақ кей сенаторлардың жұбайлары 3 млн теңгеден 12 млн теңгеге дейін табыс көрсеткен.
Жалпы декларациялар тек табыс сомасын қамтиды, табыс көздері мен активтер туралы ақпарат ашылмайды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






