бейсенбі, 8 қаңтар, 2026 17:35

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстандағы танымал шай маркаларынан қауіпті қоспа табылды

Қазақстандағы танымал шай маркаларынан қауіпті қоспа табылды
Фото: ашық дереккөз
Қазақстанда қара шайдың бірқатар маркаларын елге әкелуге және сатуға тыйым салынды.

Тиісті қаулыға 5 қаңтарда бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қол қойды. Шешім өнімді бақылау сатып алу қорытындысы мен санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысы бойынша қабылданды. Тексерулер барысында қолданыстағы нормативтермен қолдануға тыйым салынған тағамдық бояғыштар қосылған қара шайды өндіріп, сатқандар анықталды. 

Өнімнің құрамынан “сары күн батысы” (E110), тартразин (E102) және понсо 4R (E124) бояғыштары анықталды. Бұл заттарды шайда қолдануға Кеден одағының техникалық регламенттері бойынша рұқсат етілмеген.

Сонымен қатар шай орамаларында өндіріс пен орау мекенжайлары шындыққа сәйкес келмейтіндігі көрсетілген. Бұл қызметті жүргізуге рұқсат құжаттарының жоқ деген сөз, ол санитариялық-эпидемиологиялық тексерулер барысында анықталды.

Қандай маркалы шайларға тыйым салынды

Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты келесі қара шайларды елге әкелуге және сатуға тыйым салынды:

“Апамның шәйі Premium Gold”, Al-Hayat Golg, “Балқия Premium Gold” — өндіруші: ЖШС Orda Trade Astana (Алматы облысы);

Sultan Suleyman, Pakistan tea — өндіруші: ЖШС Real Trade Astana (Астана);

“Балқия Premium Gold” — өндіруші: ЖШС “Аль-Хадия” (Алматы);

Aje Onim — өндіруші: ЖК “Орда Чай” (Алматы) ТОО “Кальций” тапсырысы бойынша;

Al-Hayat Golg — өндіруші: Empire KENIY E.P.Z. Limited (Алматы облысы);

Al-Jannat Premium — өндіруші: ЖК Ferdaus (Алматы);

Alfarah — орамасында өндіруші көрсетілмеген.

Санитариялық қызметтер қазақстандықтарды өнімнің маркировкасына және қайан шығарылғаны туралы ақпаратқа назар аударуға шақырады. Ал кәсіпкерлерге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты заң талаптарын қатаң сақтау керегін ескертті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар