Жаңа жылдық кеш туралы Руслан Берденовке қатысты жазба жариялады
Руслан Берденов бұл жалған ақпарат екенін айтып, жазбаға пікір қалдырды.
Threads желісінің қолданушысы Руслан Берденовке қатысты жазба жариялады. Автордың айтуынша, Руслан Берденов жетекшілік ететін мекемеде жаңажылдық кешті атап өтуге тыйым салынған. Жазбаға қатысты Руслан Берденов пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Threads желісіндегі дау туғызған жазба авторының айтуынша оған ресми себеп ретінде "Жаңа жыл мұсылмандардың мерекесі емес" деген уәж келтірілген.
Алайда Руслан Берденов бұл жалған ақпарат екенін айтып, жазбаға пікір қалдырды.
Сондай-ақ ол Instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялап, өзінің Жаңа жылға қатысты ұстанымын айтқан.
Руслан Берденовтің сөзінше, Жаңа жыл – отбасылық мейрам.