Саясат

Биыл отандық басылымдарды қолдауға ерекше қөңіл бөлінді – Аида Балаева

Министр медиа кеңістіктегі түбегейлі өзгерістер мен жетістіктерді қорытындылап, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөліне ерекше тоқталды.

2025 жыл Қазақстанның медиа саласы үшін үлкен серпіліс кезеңі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз сөзінде медиа кеңістіктегі түбегейлі өзгерістер мен жетістіктерді қорытындылап, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөліне ерекше тоқталды. Заңнамалық жаңашылдықтардан бастап, халықаралық ынтымақтастыққа дейінгі маңызды бастамаларды атап өтіп, медиа өкілдеріне алғысын білдірді.