Спорт

Елордалық "Астана" клубы жекеменшікке берілетін болды

Бұл туралы ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкіметтегі брифингте мәлімдеді.

Елордалық «Астана» футбол клубын жекеменшікке беру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкіметтегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Министрдің сөзінше, клубқа қызығушылық танытқан инвестор бар, алайда рәсімдер толық аяқталмағандықтан, әзірге оның аты-жөні жария етілмейді.

Сондай-ақ ол бүгінде Қазақстанда бес футбол клубы жекеменшікке өткенін атап өтті. Қалған жеті клубқа да инвестор тарту бойынша келіссөздер жалғасуда.