Қоғам

Бишімбаев активтерін жасыру үшін ұлының атына аударып жіберген

Бұл туралы Назым Қахарман Instagram желісінде жариялады.

Экс-экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы келіншегі Назым Кахарман балаларына төленетін алимент мөлшерін қалай азайтуға тырысқанын айтты, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Бұл туралы Назым Қахарман Instagram желісінде жариялады.

Назым Кахарманның айтуынша, Жоғарғы сот оның Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру жөніндегі шағымын қараудан бас тартқаннан кейін бірнеше ай өткен соң, ол алиментті азайту туралы талап-арыз берген.

Кахарманның айтуынша, Бишімбаев активтерін жасыру үшін оларды жақында 26 жастағы үлкен ұлының атына аударып жіберген. Бұл жерде «көптеген жылжымайтын мүлік» туралы сөз болып отыр.

Десе де, Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы сотта жеңіске жетіп, экс-министр бұрын жасалған алименттік келісімге сәйкес төлем жасауға міндеттелді. 

«Қуандық осындай ақымақтыққа бармағанында, ақша табу жағынан өте мықты адам ретінде, қазір мультимиллионер немесе тіпті миллиардер болар еді. Ондай жағдайда бұл келісім оны қорғайтын еді, ал мен одан артық талап ете алмас едім», — деді ол.