Атырау қаласының маңындағы Томарлы ауылында табиғи газдан улану салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 28 желтоқсан күні шамамен сағат 13:40-та жеке тұрғын үйде болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, үй ішінде 1958 жылы туған ерлі-зайыпты және 1953 жылы туған ер адам болған. Үшеуі де оқиға орнында қайтыс болған.
Алдын ала деректерге сәйкес, қайғылы жағдайға газбен жұмыс істейтін жылыту пешіндегі тартудың болмауы себеп болған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы нақтыланып жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






