Жанар Айжанованың қызы ерекше образдағы фотосуреттерін жариялады
Ол суреттерге жаңа жылға қатысты ойларын жазған.
Әнші Жанар Айжанованың қызы, блогер Айжұлдыз Адайбекова Жаңа жыл қарсаңында ерекше образдағы фотосуреттерін жариялап, әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Айжұлдыздың жариялаған кадрлары стандартты мерекелік фотолардан өзгеше стильде түсірілген. Ол суреттерге қоса жаңа жылға қатысты ойларын да жазып, 2026 жылды жаңа энергиямен, жаңа болмыспен бастау керек екенін атап өткен.
Бірақ желі қолданушыларының басым бөлігі философиялық ойдан гөрі фотосессияның көркемдік шешіміне көбірек назар аударды. Кейбір кадрлардағы символика көпшілікке түсініксіз болып, түрлі пікірдің туындауына себеп болды.
Пікір білдіргендердің бір бөлігі Айжұлдыздың батыл стилін қолдап, оның шығармашылығына жоғары баға берген.
Сонымен қатар фотосессиядағы жекелеген детальдар сынға да ұшырады. Кейбір қолданушылар композиция мен символиканы түсіне алмағанын айтып, пікір қалдырған.