Жүргізуші 6 жасар баланы қағып, оқиға орнынан қашып кетті
Риддер қаласында тұрғын үй ауласында 6 жасар баланы қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Бала ауруханаға жатқызылды
Оқиға 23 желтоқсанда болған. Риддер қаласында Lada X-Ray маркалы автокөлік жүргізушісі тұрғын үйлердің бірінің маңында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен бала медициналық мекемеге жеткізілді.