"Орданың" директоры ауысты
15 желтоқсанда жалпы құрылтайшылардың жиналысы өтті.
15 желтоқсанда «Ordamedia.kz» ЖШС-да құрылтайшылар жиынында 70% үлесі бар Мақсат Ғаниев директор қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz exclusive.kz сайтына сілтеме жасап.
15 желтоқсанда жалпы құрылтайшылардың жиналысы өтті. Редакцияда екі құрылтайшы бар. Бірі — Мақсат Ғаниев. Енді бірі — Гүлнәр Бажкенова. Бас редактор Гүлнәр Бажкенова үймақта болғандықтан жиынға қатыса алмады. Мақсат Ғаниев мынадай шешімдер қабылдады:
Г. Бажкенованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
Өзін, М. Ғаниевті жаңа басшы етіп тағайындау;
Компанияның 2022–2025 жылдарға арналған қаржылық есепті аудиттен өткізу;
ЖШС-ның 100% үлесінің нарықтағы құнын бағалау;
Жалақыны төлеу және кадрлық аудит жүргізу.
19 желтоқсанда жаңа басшы компанияның мөріне және электрондық цифрлық қолтаңбаға қол жеткізді.
Бұған дейін редакциядағы тілшілер жалақысыз жұмыс істеп келген болатын. Қарулы күштер 1 желтоқсан күні редакцияға аяқ астынан баса-көктеп кіріп, журналистердің телефондары мен ноутбуктарын тәркіледі. Сондай-ақ кеңседе тұрған қызметкерлердің жалақысын тәркілеп, алып кетті. Сондықтан редакция тілшілерге қараша-желтоқсан айларында айлық төлей алмады. Соған қарамастан редакция жұмысын тоқтатқан жоқ.
15 желтоқсаннан кейін қараша айы бойынша жалақы төлене басталды. Дегенмен редакцияда сырттай келісімшартсыз, қаламақыға жұмыс істеп жүрген тілшілер әлі жалақысын ала алмай отыр.
Мақсат Ғаниев барлық қызметкерлермен еңбек шартын заңды түрде рәсімдеуге және ұжым алдындағы барлық қарыздарды толық өтеуге ниетті екенін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін ҚазТАГ агенттігінің басшыларына қарсы қылмыстық іс қозғалған еді.
Ал 1 желтоқсан күні «Орда» редакциясының бас редакторы Гүлнәр Бажкенованы үйқамаққа қамап, пәтері мен кеңселеріне тінту жүргізілді.