Әлеумет

Жетісулық әйел апта сайын мысығын кір жуғыш машинаға салып жуған

Бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

Жетісу облысында тұратын әйел мысықты кір жуғыш машинаға салып жуған, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Талдықорғандық тұрғын мысықты әдейі кір жуғыш машинаға салып, сосын оны қосып жіберіп, азаптау сәтін WhatsApp статусына жариялаған. Онымен қоймай:

"Өзім аптасына бір рет моншаға түсемін, ал мысығымды осылай апта сайын кір жуғыш машинаға түсіріп, жуып аламын", – деп жазып, видеосын салып қойған.

Адамгершілігі бар желі қолданушылары бейнежазбаны сақтап, желіде таратқан. Бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

Threads әлеуметтік желісінің қолданушылары e-Otinish платформасы арқылы жаппай шағым жолдап жатыр. Әйелдің жеке басы анықталып, іздестіріліп жатыр.