жексенбі, 21 желтоқсан, 2025 21:40

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«Қазавиақұтқару» тікұшағы жүкті әйелге көмек көрсетті

«Қазавиақұтқару» тікұшағы жүкті әйелге көмек көрсетті
«Өскемен–Самар–Өскемен» бағыты бойынша санитарлық рейс жасады.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазавиақұтқару» тікұшағы жүкті әйелге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін «Өскемен–Самар–Өскемен» бағыты бойынша санитарлық рейс жасады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Санавиация құрамында тікұшақ ұшқыштары Руслан Ағламбеков пен Леонид Калеканов, сондай-ақ қажетті медициналық көмекті көрсеткен дәрігерлер Марат Куксегенов, Татьяна Сергеева және Рим Меңдібаева болды.

ТЖМ ұшқыштары мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді және жедел әрекетінің нәтижесінде жүкті әйел Өскемен қаласындағы медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар