Президент «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитінде сөз сөйледі
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысы бүгінгі тарихи кездесуді ұйымдастыруға бастамашы болғаны және қонақжайлық танытқаны үшін Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичиге алғыс айтты, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, мұндай саммиттер Орталық Азияның халықаралық деңгейдегі орны күшейіп, жаһандық үдерістерде маңызды рөл атқара бастағанын көрсетеді.