Қоғам

Екі вилланың 20,7 миллиардқа сатылғаны белгілі болды

Кейбір мүліктер мемлекет меншігіне қайтарылып, тікелей Ұлттық музейге тапсырылған.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» өткізген жиында «Ескі Қазақстанның» «алпауыттарына» тиесілі болған екі вилланың 20,7 миллиардқа сатылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Жиынды мәжіліс депутаты Марат Бәшімов жүргізді. 

Компанияның бас директоры Қуанышбек Мұқаштың айтуынша, биыл жалпы 577 электрондық сауда өтіп, соның ішінде 155 нысан жаңа иелеріне сатылған. Жалпы құны ҚҚС есепке алынбай 38,4 миллиард теңгені құраған. Ең қомақты сатылымдардың бірі — Астанадағы «Думан» қонақүйі, ол 14,1 миллиард теңгеге өткен. Ал Дубайда орналасқан екі вилла 20,7 миллиард теңгеге сатылған.

Сондай-ақ, кейбір мүліктер мемлекет меншігіне қайтарылып, тікелей Ұлттық музейге тапсырылған. Мұндай активтердің жалпы саны — 33, олардың ішінде жер телімдері, көне жәдігерлер және ежелгі монеталар бар.