Сенат ЛГБТ насихатына тыйым салатын Заңды мақұлдады
Бүгін Сенатта отырыс өтті.
Сенат Мәжіліс қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды бірінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Сенаттағы Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіптің айтуынша, заңның мақсаты архив ісі саласындағы заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік архив қызметінің тиімділігін арттыру және балалардың құқығын қорғау. Олардың ішінде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы жаңа норма да бар.
Заңда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, сондай-ақ «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Жарнама туралы», «Байланыс туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мәдениет туралы», «Білім туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы», «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы», «Кинематография туралы», «Онлайн-платформалар мен онлайн-жарнама туралы» және «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылды.