Әлеумет

Атырауда пәтерден ер адамның мәйіті табылды

Мәйіттің пәтерде жатқанына 21 күн болған.

Атырауда Береке ықшамауданындағы № 24 үйде ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуынша, сүйектің пәтерде жатқанына 21 күн өткен. Ал оның өлгені туралы туысқаны іздеп келгенде бір-ақ белгілі болған. Осыған дейін кіреберісте қаңсық иіс тұрды, әлі де кетпей тұр, сіңіп қалған, дейді көршілері. Сүйек табылғаннан кейін тұрғындар кіреберісті өз күшімен ретке келтірген, бірақ иіс сонда да кетпей тұр.

Тұрғындардың айтуынша, оқиғадан кейін санитариялық-эпидемиологиялық қызметтер немесе мамандандырылған ұйымдар оқиға орнына келмеген, ресми дезинфекция жүргізілмеген.