Астанада Тәуелсіздік күні он сегіз сәби дүниеге келді
Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.
Астана тұрғындары үшін Тәуелсіздік күні тек ресми салтанатты шаралармен ғана емес, қаладағы перзентханаларда дүниеге келген жаңа өмірлермен де есте қалды.
Елорда әкімдігінің мәлімдеуінше, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінде елорданың 3 перзентханаcында 18 нәресте – 7 ұл және 11 қыз дүниеге келді.
Нәрестелер №2 көпбейінді қалалық ауруханада, №3 көпбейінді қалалық ауруханада, сондай-ақ қалалық перинаталдық орталықта өмірге келді.