Мемлекет басшысы Жапонияға барады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
18-20 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
«Сапар аясында Император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған.
Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады», - делінген хабарламада.