жұма, 12 желтоқсан, 2025 18:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Валюта алатын ақшаңыз 500 мың теңгеден асса, жеке куәлік көрсетесіз

Валюта алатын ақшаңыз 500 мың теңгеден асса, жеке куәлік көрсетесіз
freepik
Дәл осындай талаптар 500 мың теңгеден асатын алтын саудасына да қолданылады.

Қазақстан Ұлттық банкі валюта айырбастау және алтын сату ережелеріне өзгерістер енгізді. Енді 500 мың теңгеден жоғары сомаға шетел валютасын немесе құйма алтынды сатып алу кезінде азаматтар жеке куәлігін, ЖСН-ін және мекенжайын көрсетуге міндетті болады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Бұл талаптар 2025 жылғы 22 желтоқсаннан бастап күшіне енеді, ал кейбір тармақтар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады.

Жаңа ереже бойынша айырбастау пунктері мен уәкілетті банктер ірі сомаға жасалған әрбір операция туралы деректерді арнайы тіркеу журналына енгізіп отыруы тиіс. Онда:

клиенттің аты-жөні, тегі,

ЖСН немесе жеке куәлік деректері,

тұратын мекенжайы,

құжат түрі мен нөмірі,

құжаттың берілген күні мен жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

Дәл осындай талаптар 500 мың теңгеден асатын алтын саудасына да қолданылады.

Сонымен қатар Ұлттық банк уәкілетті ұйымдар мен банктер ұсынатын есеп беру мерзімін 6 айдан 1 айға дейін қысқартты. Бұл өзгеріс айырбастау нарығындағы операцияларды нақты әрі жедел бақылау үшін енгізіліп отыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар