"1,5 миллион берген": Бишімбаев Нүкенованың 40 күндік асына қанша ақша берілгенін айтты
"Біз ондайды ешқашан сұраған жоқпыз".
Бишімбаевтың әкесі марқұм Салтанат Нүкенованың туыстарына берілген ақшаның егжей-тегжейін айтып берді. Оның сөзінше, күдіктінің күйеуі Қайрат Кемелов Салтанаттың 40 күндік асына 1,5 миллион теңге берген, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Уәлихан Бишімбаев өзiнің немесе жұбайының ұлдары үшін қосымша сараптама талап етіп немесе қандай да бір анықтама алуға өтініш жасағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Сондай-ақ ұлына анықтама алу үшін арнайы психиатриялық мекеменің директорына шығуды өтінді деген ақпаратты “ойдан шығарылған сандырақ” деп атады.