Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қамауға алынды
- авторОймақ
- Бүгін, 13:41
- 23
Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Доспанов қамауға алынды. Бұл туралы ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті растады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, Доспанов лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікке ілінген.
«ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Е. Доспановты ұстады. Ол қызмет бабын асыра пайдаланған деген күдік бар», – делінген ресми хабарламада.
Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды.
Айта кетейік, бұған дейін дәл осы басқарманың бұрынғы басшысы Данияр Жандаев та ұсталған болатын. Ол медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде қызметін асыра пайдаланды деген күдікке іліккен еді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






