бейсенбі, 11 желтоқсан, 2025 1:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Нұртөре Жүсіп «Qazaq tili» халықаралық қоғамының құрылтайына қатысты

Нұртөре Жүсіп «Qazaq tili» халықаралық қоғамының құрылтайына қатысты
Сенат
Ол «Qazaq tili» халықаралық қоғамының қызметі осы міндеттерді іс жүзінде іске асырудың бір мысалына айналғанын атап өтті.

 

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп «Халықаралық «Qazaq tili» қоғамы» құрылтайына қатысып, онда ұйымның 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды.

Сенатор өз сөзінде қазақ тілін дамытудағы және мәдени бірегейлікті нығайтудағы өткен жылдың нәтижелерін атап өтті.

«2025 жыл – қазақ тілі мемлекеттік және қоғамдық деңгейде ерекше назар аударылған кезең. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін дамыту – ең маңызды ұлттық басымдықтардың бірі екенін атап көрсетеді. Оның уақыт өте келе қазақ тілі ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналады деген ұстанымы ел болашағының стратегиялық пайымын көрсетеді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы тілді ғылымға, бизнеске, технологияға, медиа мен цифрлық ортаға кіріктіру қажеттігін айтады. Тіл тек рәміз ғана емес, қарым-қатынастың, шығармашылықтың және кәсіби дамудың толыққанды құралы болуы тиіс», - деді Нұртөре Жүсіп.

Ол «Qazaq tili» халықаралық қоғамының қызметі осы міндеттерді іс жүзінде іске асырудың бір мысалына айналғанын атап өтті.

«Qazaq tili» медиа-кеңістікте қазақ тілін насихаттауға, заманауи білім беру материалдарын, онлайн-ресурстарды және цифрлық өнімдерді дамытуға елеулі үлес қосуда. Іске асырылып жатқан жобалар заман талабына сай және Президент белгілеген бағытты қолдайды. Ұйымның қазақ тілін ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде ілгерілету арқылы алуандыққа ашықтық пен құрмет көрсете отырып, заманауи тілді, ғылым, технология, мәдени диалог және халық бірлігінің тілін қалыптастыруы да маңызды», - деп атап өтті сенатор.

Шара ұйымның алдағы жылға арналған жоспарын және қазақ тілінің өмірдің түрлі саласындағы орнын нығайту жөніндегі бұдан былайғы қадамдарын талқылаумен аяқталды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар