сәрсенбі, 10 желтоқсан, 2025 18:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Президент Әсел Жанасованы жаңа қызметке тағайындады

Президент Әсел Жанасованы жаңа қызметке тағайындады
Әсел Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында туған. Кембридж университетін бітірген. Еңбек жолын 2010 жылы ENRC Kazakhstan өндірісті автоматтандыру және байланыс департаментінің ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы болып бастаған. 2016-2017 жылдары - "Зерде" ҰБХ" АҚ басқарма төрайымы.

2018-2020 жылдары - "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры.

2020 жылдың шілдесінен бастап 2022 жылғы қазанға дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі болды.

2022 жылдың қазан айында "Қазпошта" АҚ басқарма төрайымы болып тағайындалды.

2025 жылы 8 маусымда ҚР Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар