Әлеумет

70 жастағы әйелдің өлімі туралы дерек 20 жылдан соң ашылды

2006 жылы Қарағанды облысында аса ауыр қылмыс жасалған.

Қарағанды облысында 70 жастағы әйелді өлтіру қылмысы 20 жыл өткен соң ашылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

ІІМ Жедел-криминалистикалық департаменті 2025 жылдың қорытындысын жариялады. Ведомство мәліметінше, криминалистикалық есептер мен заманауи технологиялардың көмегімен сегіз мыңнан аса қылмыс ашылған. ІІМ деректеріне сәйкес, оқиға орындарынан алынған 14 мыңнан астам із криминалистикалық есепке қойылған.

Департамент бастығы Сергей Стихеевтің айтуынша, жұмыстың едәуір бөлігі бұрынғы жылдары жасалған қылмыстарды ашуға бағытталған.